#unemde
«ҚЭДЭИ» АҚ алаңында «Ғимараттардағы энергия үнемдеу» дөңгелек үстелі өтті
«ҚЭДЭИ (Қазақэнергиясарапатама)» АҚ алаңында «Ғимараттардағы энергия үнемдеу» дөңгелек үстелі өтті.
Дамыған елдерде энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушысы ғимарттар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы болып табылады. Халықаралық энергетика агенттігінің деректері бойынша соңғы 5 жылда Қазақстан халқының тұтынуы 27%-ға өсті, оның ішінде бюджет секторы мен ғимараттарды тұтыну 13%-ға өсті. Орташа Қазақстандағы тұрғын үйлер Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда ауданның бірлігінен үш есе көп энергияны тұтынады.
Осыған байланысты, барлық факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, біз қазірдің өзінде энергия ресурстарының тапшылығы туралы бірлесіп ойлануымыз керек.
Бүгін ҚР ИИДМ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясарапатама)» АҚ (бұдан әрі – Институт) алаңында «Ғимараттардағы энергия үнемдеу» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудағы перспективалық бағыттарды, шараларды, құралдарды айқындау болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына: VІI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Нұрболұлы Абақанов, «ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері, институт атынан: Басқарма Төрағасы Бауржан Әміржанұлы Смағұлов, Басқарма Төрағасының орынбасары Дархан Рахымтайұлы Құрманбаев қатысты.