#unemde

Қазақстан-Италия ынтымақтастығы аясында


Қазақстан-Италия
2022 жылдың 11 сәуірінде «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ (бұдан әрі - Институт) алаңында Қазақстан Республикасының Италия Республикасы мен Еуропалық Кеңес елдеріндегі Сауда өкілі Савино КОРСАРИмен кездесу болды.
Савино Корсари ақпараты бойынша, Қазақстанмен ынтымақтастықтың негізгі бағыты өнеркәсіп секторын қоса алғанда, экономиканың барлық секторларын дамытуға бағытталған қызмет болып табылады.
Институттың атынан келіссөздер жүргізуге –Басқарма Төрағасының орынбасары Түрчекенов Серик Амангельдиевич қатысты. Тараптар өнеркәсіп секторына инвестиялар тарту бойынша ынтымақтастық туралы ниеттерін білдіріп, бірлескен қызметтің ықтимал нұсқаларын талқылады. Оның ішінде ҚР СІМ, ҚР ИДМ және Италияның бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен диалог ұйымдастыру.

22183f8d-b607-4756-a8ac-1437d908f65b