#unemde
Нұр-Сұлтанда Энергия үнемдеу күніне арналған конференция өтті
Қазақстандағы 10 жыл ішіндегі энергия үнемдеу қорытындылары 11 қарашада Энергия үнемдеу күніне арналған конференция аясында талқыланды. Іс-шара ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ және Қазақстандық энергия аудиторлары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Конференцияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев ашты. Вице-министрдің айтуынша, қойылған мақсаттар мен қабылданған міндеттемелерге қол жеткізу үшін жаңа әдіс-тәсілдер мен тетіктерді қолдану талап етіледі. Осыған байланысты Министрлік энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жаңа тәсілдер мен құралдарды көздейтін Заң жобасын әзірледі.
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов құттықтау сөз сөйледі. Төраға өз сөзін бюджет секторы мен ТКШ энергия тұтынуын жаңғырту энергия үнемдеу саласындағы келесі кезең болады деп түйіндеді.
«Алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Осы мақсатта біз Индустриялық даму комитеті жанынан энергия үнемдеу саласындағы жаңа Сараптамалық кеңестің құрылғанын жариялағымыз келеді».
Аталған кеңес құрамына энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты табысты іске асыруға ықпал ететін түрлі ұйымдардың мамандары кіретін болады.
Сонымен қатар, халықаралық «Энергия үнемдеу күні» мерекесіне арналған конференция аясында энергия үнемдеу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін сала өкілдері «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және алғыс грамоталармен марапатталды.
Список награждаемых «Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін»:
«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» марапатталған адамдардың тізімі:
Тұрғанов Дүйсенбай – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы – «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Басқарма Төрағасы, Есімханов Сұңғат – «Самұрық-энерго» АҚ Төрағасы, Турчекенов Серік – «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Төрағасының орынбасары, Шопаева Айман – БҰҰДБ/ҒЭҚ жобаларының және ҚР Үкіметінің энергия тиімділігі жөніндегі ұлттық сарапшысы, Керимрай Айымгүл – PhD, «Биосфера экологиясы» зертханасының ғылыми қызметкері, Тоқаев Жақсылық – «ХЖТИЖО» департамент директоры, Мерғалиев Дүйсен – «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК) Президенті, Абт Николай Николаевич – «Prolux Led» ЖШС Атқарушы директоры, Тютюньков Константин – «Силикат» ЖШС Бас энергетигі және Кибарин Андрей - «Алматы энергетика және байланыс университеті» АҚ кафедра меңгерушісі.
Сондай-ақ, іс-шара соңында «Жасыл Қазақстан» атты эссе байқауының және «Мен энергия үнемдеуді таңдаймын!» челленджінің нәтижелері шығарылды.