#unemde

Қазақстанда жел генераторларын шығаратын инновациялық зауыт салынады

ТМД аумағындағы алғашқы жел генераторларын шығаратын зауыт Ақтөбеде осы жылдың соңына дейін салынады.

Ақтөбеде жел генераторларын шығаратын инновациялық зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды United Energies Aktobe компаниясы.

Ақтөбе облысының әкімдігі мен United Energies Aktobe компаниясы жалпы құны 84 миллион еуро болатын зауыт пен компоненттер салу туралы Меморандумға қол қойды. Жоба қазақстандық мемлекеттік қаржы институттарымен бірлесіп Германиядан шетелдік инвестицияларды тарту есебінен қаржыландырылатын болады.
"Зауыт құрылысы үш жылға жуық уақытты талап етеді, бұл бұрынғы КСРО елдерінің аумағындағы осындай жоспардың алғашқы және әзірге жалғыз зауыты болады. Зауыт 17 га аумақта орналасатын болады, ал зауыттың максималды өндірістік қуаты жылына 250 мегаватт құрайтын болады. Өндірістің сәтті жұмыс істеуі үшін 500 адамнан тұратын қызметкерлер қажет болады, бұл аймақта жаңа жұмыс орындарын ашады", — деп түсіндірді United Energies Aktobe бас директоры Михаэль Паульз.

Зауыт құрылысы үшін Ақтөбе облысы бірнеше критерийлер бойынша таңдалды: Doing Business рейтингісінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңір Қазақстанда екінші орын алады және соңғы бес жылда республика бойынша негізгі капиталға сыртқы инвестициялар сомасы бойынша үшінші орын алады.

"Келесі факторлар ауа-райы жағдайлары, дамыған инфрақұрылым және "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін өңірлік инвесторларға қызмет көрсету орталығы тарапынан инвесторларды қолдаудың жоғары деңгейі болып табылады", — деп атап өтті компания.

Алдын ала мәліметтер бойынша, іргетасты қалау рәсімі 2017 жылдың екінші жартысына жоспарланған.