#unemde

Астанада энергия тиімділігі және энергия аудиті саласында ұлттық тренинг өтті

ҚР Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымымен (ИСЕСКО) ынтымақтастық шеңберінде Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай ағымдағы жылдың 23-25 тамыз аралығында Астана қаласында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында "қазақстандық энергия аудиторлары Қауымдастығы" ЗТБ және "электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ қолдауымен энергия тиімділігі және энергия аудиті саласында ұлттық тренинг өтті.

Тренингтің негізгі мақсаты әртүрлі қызмет салаларында энергия аудитін насихаттау және көтермелеу, сондай-ақ тұрақты, "Жасыл" экономика мүддесінде энергия үнемдеу бойынша әлеуетті арттыру және үздік тәжірибелерді анықтау болды. Тренингке 30 – дан астам адам-мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің, ҚР энергоаудиторлық ұйымдардың, сондай-ақ ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері қатысты.