#unemde

Қарағандыда 5 мектеп жөнделді

2017 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстандағы Дүниежүзілік банк пен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының әкімдерімен бірлесіп энергия тиімділігін арттыру мақсатында жаңғыртудан өткен бес жалпы білім беретін мектептің (№17, 23, 66, 82 ЖОМ және № 101 мектеп-лицейдің) ресми тұсаукесерін өткізді. Енді осы әлеуметтік нысандардың 7000-нан астам балалары мен қызметкерлері жылытуы, сумен жабдықталуы және жарықтандырылуы жақсартылған жайлы үй-жайларда істейтін болады.
Бүгінгі таңда "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасы аясында аталған нысандардың шатыры жөнделіп, термореттелетін жылыту жүйелері мен автоматты жылу пункттері орнатылды, терезелер, есіктер мен жарықтандыру жүйелері ауыстырылды, қасбеттің тігістері жылытылды, крандар сенсорлық араластырғыштарға ауыстырылды.
Төрт жылдық жобаны (2015-2019 жж.) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы "Қазақэнергиясараптама "электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ жүзеге асыруда.