#unemde

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық технологиялар

2018 жылғы 23 мамырда Астанада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Кітапханасы мен Honda Foundation бірлесіп ҚР Жапония Елшілігінің қолдауымен "табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық технологиялар" атты Халықаралық симпозиум өтті.
"Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ атынан Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов белсенді қатысты

Сарапшылар аудиториясын талқылау үшін Жапония мысалында экологиялық, экономикалық және инновациялық саясат саласындағы басқарудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған жаңа сын-тегеуріндерге көзқарас ұсынылды.

Панельдік сессияларда Жасыл экономика саласындағы қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың мынадай өзекті мәселелері талқыланды: табиғи ресурстарды тиімді пайдалану үшін инновациялық технологиялар мен құқықтық аспектілер (өнеркәсіптік саясат, озық технологиялар саласындағы түрлі реформалар), экотехнологиялар практикасында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы табысты мысалдар (Жапония мен Қазақстанның озық тәжірибесі), орнықты қоғам үшін болашақ технологиялар (өнеркәсіп құрылымын трансформациялау үшін адами ресурстарды дамыту)