#unemde
Институт "Energio"испандық энергосервистік компаниясымен меморандумға қол қойды
2018 жылғы 29 мамырда Астанада "энергия үнемдеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары: испан технологияларын енгізу"тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, "ENERGIO" испандық энергия сервистік компаниясы, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ, ЕҚДБ, "Astana Innovations" АҚ, "AstanaInvest "ГЦРИ" ЖШС өкілдері және әлеуетті тапсырыс берушілер қатысты.
Дөңгелек үстел Қазақстан нарығына халықаралық энергия сервистік компанияларды тарту, сондай-ақ энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу саласында жетекші әлемдік ЭСКО тәжірибесін енгізу мүмкіндігі мақсатында өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы инвестициялық ахуалды, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі жобалардың маңыздылығын талқылады.
Дөңгелек үстел жұмысы барысында Институттың Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов баяндама жасап, ҚР-дағы энергия үнемдеу саласындағы инвестициялық жобаларды қолдаудағы институттың рөлін ашты. "Energio" испандық компаниясының өкілі Марио Ориол мырза өз сөзінде компанияны, энергия үнемдеу саласындағы қызметтерді, қаржыландыру тетіктерін және әртүрлі елдерде іске асырылған жобаларды таныстырды.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша 30 мамырда институт пен "Energio" өкілдерінің кездесуі аясында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.