#unemde
"Энерготиімді кварталдар"тақырыбындағы Конференция
2019 жылғы 9 сәуірде "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ Берлин қаласында Неміс энергетикалық агенттігі (dena) ұйымдастырған "энергия тиімді кварталдар" конференциясына қатысты.
"Энергия тиімді кварталдар" конференциясы неміс энергетикалық агенттігі (dena) негізін қалаған, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина сарапшыларына арналған қалалық энергетикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық платформа "Berlin Energy Transition Dialogue 2019" Конгресінің шеңберінде өтті, оның қызметі тәжірибе алмасу және жаңа жобаларды бастау мақсатында аталған елдер мен Германия сарапшыларының арасындағы диалогты күшейтуге бағытталған.
Конференция шеңберінде шағын аудандар мен кварталдар деңгейінде қалалық инфрақұрылымды жоспарлау және энергетикалық дамыту тұжырымдамалары мен үрдістері қаралды, нормативтік-құқықтық база және энергия тиімді кварталдарды салу жөніндегі жобаларды орындау үшін қаржылық ынталандыру талқыланды, сондай-ақ осындай жобаларды іске асырудың техникалық ерекшеліктері мен практикалық тәжірибесі ұсынылды. Сондай-ақ, конференцияда азаматтарды қалалық инфрақұрылымды жоспарлау процесіне тарту және көпшілік іс-шаралар мен науқандар өткізу арқылы олардың хабардарлығын арттыру мәселелері қаралды.