#unemde

Египеттің Elsewedy Electric компаниясының өкілдерімен кездесу

Бүгін институт қабырғасында Мысырда ЖЭО құрылысына және энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге маманданған египеттік Elsewedy Electric компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Компания мынадай энергетикалық сегменттерде жұмыс істейді: кабельдер мен керек-жарақтар өндіру, электр өнімдері, энергияны өлшеу және басқару, трансформаторлар, коммуникациялар, күн энергиясына арналған шешімдер және жобаларды әзірлеу.
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы ЭСКО/МЖӘ жобаларына қатысу мүмкіндіктері талқыланды. Институт МЖӘ механизмі бойынша іске асырылған жобаларды көрсетті. Elsewedy electric Қазақстандағы әлеуметтік нысандар құрылысына инвестиция салуға қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша компанияның энергия тиімділігі саласындағы жобаларға қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Институт өз тарапынан энергия тиімділігі картасы шеңберінде әлеуетті жобалардың тізімін ұсынады.