#unemde
2020 жылы 1 477 Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергоаудит өткізді
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ мәліметтері бойынша өткен жылы 1 477 Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергоаудит өткізді. Энергия аудитінің басты міндеті - энергия аудиті бойынша есепте алынған нәтижелерді көрсете отырып, кәсіпорынның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Энергия аудиторлық компания энергия үнемдеу мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинайды, өңдейді және талдайды. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері міндетті энергия аудитінен әрбір 5 жылда кемінде 1 рет өтеді. Мұндай энергия аудиті энергия аудитін жүргізу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Институттың мәліметінше, 2015 жылы энергоаудитті 220 МЭТ субъектілері, 2016 жылы – 639 субъект, 2017 жылы – 954 субъект, 2018 жылы – 1 170 субъект және 2019 жылы – 1 361 субъектілері өткізді.
Энергия аудитін жүргізуге міндетті МЭТ субъектілерінің жалпы саны 3 542 субъектіні құрайды, оның ішінде МЭТ 1 477 субъектісі (42%) энергия аудитін жүргізді, МЭТ 616 субъектісі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.
Мұндай энергия аудитін жүргізудің негізгі кезеңдері: дайындық, өлшеу, аналитикалық, қорытынды болып табылады.
Энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша энергия-аудиторлық ұйым үш негізгі бөліктен тұратын қорытынды жасайды: кіріспе бөлім онда жүгінген адамның (Тапсырыс берушінің), энергия-аудиторлық ұйымның деректері көрсетіледі, негізгі бөлігі энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша, өнім бірлігіне шаққандағы энергетикалық ресурстардың үлестік шығыстарын айқындау бойынша талдау келтіріледі және негізгі тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын қорытынды бөлім
Осылайша, энергия аудит жылу, электр, газ, су шығындарын азайтуға, жылу, су, электр энергиясының ысыраптары мен ағып кетуін ескеріп, оларды жоюға, компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.
Іс жүзінде қалай болады, цемент және клинкер компанияларына мысал келтірейік. Кәсіпорынның энергоаудиті 2015 жылы өткізілді.
Кәсіпорынның энергия аудитін жүргізу барысында отын-энергетикалық ресурстарды тұтыну құрылымы, технологиялық жабдықтардың құрамы мен жұмыс режимдері, энергия ресурстарын тұтынуды есепке алу жүйелері талданды.
Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия тиімділігін арттыру бойынша мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылды:
- № 1 қожды кептіру қондырғысын тас көмірден тозаңды көмір отынына ауыстыру;
- шикізат диірмендері бөлімшесінде қосымша түтін сорғыштарды орнату;
- №6 клинкерді күйдіру пешін тұтату жүйесін түрлендіру;
- ескірген желдеткіштерді қазіргі желдеткіштерге ауыстыру (ПӘК 80-88%);
- жарықтандыру жүйесін жаңғырту;
- пневмокөтергіш жүйесін №6 желінің элеватор жүйесімен ауыстыру.
Осы іс-шараларды іске асыру цемент өндіруге жұмсалатын электр энергиясының меншікті шығынын 2015 жылғы 124,5 кВт*сағ/т-дан 2019 жылы 111,6 кВт*сағ/т-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Көрсеткіштің төмендеуі 12,9 кВт*сағ/т немесе 2015 жылғы деңгейден 10% - ды құрады.
Іс-шараларды енгізуге 332 млн теңге инвестицияланды. Энергия ресурстарын құндық мәнде 236,2 млн теңге үнемдеу кезінде өзін-өзі ақтау мерзімі 1,4 жылды құрайды.
Енгізуге қабылданған іс-шаралар бойынша тұтынуды төмендету әлеуеті 5 115 ш.о.т. немесе базалық жылдық энергия ресурстарынның жиынтық тұтынуынан 3,3% - ды құрады.