#unemde

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ қызметкерлері орта мектеп оқушыларына арналған «Қазақстандағы энергияны үнемдеу» тақырыбында онлайн-форматта сынып сағатын өткізді.

        Бүгін «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ қызметкерлері Павлодар облысының орта мектеп оқушыларына арналған «Қазақстандағы энергия үнемдеу» атты тақырыбында сынып сағатын өткізді.
        Сынып сағатының мақсаты - энергия үнемдеуді насихаттау және танымал ету және жалпы күнделікті өмірде үнемдеуді халық арасында насихаттау. Сонымен қатар орта мектеп оқушыларының назарын энергияны пайдалану және энергия ресурстарын тиімді қолдану мәселелеріне назар аударту.
        Оқушылар бүгін қандай энергия көздері болатының және энергия ресурстарына деген ұқыпты қарым-қатынас қоршаған ортаға және қазақстандықтардың өмір сапасына қалай әсер ететіндігі туралы біле алды. Сонымен қоса сабақ барысында оқушылар энергияны үнемдеу бойынша көптеген кеңестер алып қана қоймай өз пікірлеріменде бөлісті.
        Алған білімдерін одан әрі бекіту үшін оқушыларға энергияны ұтымды пайдалану ережелері бойынша оқу видеороликтері көрсетіліп, ойын-сауық викторинасы (сұрақ-жауап) өткізілді. Өздеріңіз білетіндей, энергияны сауатты пайдалану мәдениеті бала кезден қалыптасады және бүгіннен бастап энергия ресурстарына деген мұқият көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.