#unemde

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Көкшетау қаласында "Әлеуметтік сала және кәсіпкерлік объектілерінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды мемлекеттік қолдау құралдары" тақырыбында конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты - Әлеуметтік сала объектілерінде энергия үнемдеу және энергия тиімді технологияларды енгізуді қолдаудың мемлекеттік құралдарын түсіндіру. Көкшетау қаласында жеті жарым мың жарық нүктесінің жартысына жуығы жаңғыртылды, бұл енгізу электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Аршалы ауданының заманауи құрылғылармен жабдықталған мектептерінің бірі бір жыл ішінде 3 млн. теңге үнемдейді.
Жоспарға сәйкес, жақын арада энергия үнемдеудің жаңа технологиялары Ақмола облысының басқа да оқу орындарында енгізілетін болады.

Конференцияда "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ атынан жобаларды басқару және МЖӘ дамыту орталығының директоры Д. Р. Құрманбаев сөз сөйледі.

Дереккөз:  http://kokshetautv.kz/ru/news/society/novye-tehnologii-energosberezheniya-v-uchebnyh-zavedeniyah