#unemde
"Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және энергия үнемдеу жобаларындағы энергия сервистік келісімшарттар (ESPC) аспектілері" тақырыбы бойынша семинар 30 Маусым 2017 ж.
Ағымдағы жылдың 29 маусымында Астана қаласында "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) және энергия үнемдеу жөніндегі жобалардағы энергия-сервистік келісімшарттар (ESPC) аспектілері" моделі бойынша семинар өтті.
Семинарда сөз сөйлегендер: "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ (бұдан әрі-Институт) энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі Басқарушы директоры Д.Е. Байгунакова және Амит Кумар мырза.
Осы семинарды өткізу идеясы энергия тиімділігі және МЖӘ саласындағы халықаралық тәжірибемен, сондай-ақ басқа дамыған және дамушы елдердегі ESPC озық практикалары мен табысты әдістерімен танысу және алмасу болды.
Семинар базалық желіні анықтау және тиімділікті бағалау әдістерін, энергия сервистік келісімшарттар үшін МЖӘ моделін, Қазақстан Республикасындағы МЖӘ реттеу мен шарттарын, сондай-ақ МЖӘ жобаларының құқықтық және қаржылық аспектілерін қоса алғанда, энергия сервистік келісімшарттар бойынша бірқатар тақырыптарды қамтыды.
Аталған семинарды Азия Даму Банкінің (АДБ) қолдауымен институт ұйымдастырды.