#unemde

Күн панельдері бар "ақылды" ағаш

Алдағы күні Францияның Невар қаласында құрылғының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін күн панельдері бар "Etree"-"ақылды" ағаш пайда болды.

Etree механизмі келесі қызметтерді ұсынады: ұялы телефонды зарядтау станциялары, Тегін Wi-Fi, түнгі жарық, LCD экраны және екі деңгейлі ауыз су фонтаны, жеке жануарлар науасы бар.

Алғаш рет Etree Израильде 2014 жылы, ал бір жылдан кейін Париждегі климаттық конференцияда ұсынылды. Құру идеясы суретші Джозеф Бен Довпен бірлесе отырып, күн сарапшысы Майкл Ласриге тиесілі.

https://www.youtube.com/watch?v=gCAdxeH0ITg