#unemde

Нидерланды ең ірі жел парктерінің бірін іске қосты

2,8 миллиард долларлық жобаны канадалық Northland Power компаниясы, Siemens Wind Power жел турбиналарын өндіруші, голландиялық Van Oord мердігері және HVC қалдықтарды қайта өңдеу компаниясы жүзеге асырды.

Нидерландтың солтүстік жағалауынан 85 км қашықтықта орналасқан Gemini жел электр станциясы көлемі жағынан да, өндірісі жағынан да әлемдегі ең ірі электр станцияларының бірі болып табылады. Жаңа электр станциясының жалпы қуаты 600 МВт-қа жетеді, бұл 785 мың үйді жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

AFP компаниясының Басқарушы директоры Маттиас Хааг мырза өзінің сұхбатында Gemini теңіз жел паркі елдегі жаңартылатын энергия көздерінің жалпы көлемінің шамамен 13% - ын және барлық жел энергиясының шамамен 25% - ын құрайтынын атап өтті.

2020 жылға қарай ел үкіметі барлық тұтынылатын энергияның кем дегенде 14% — ын жаңартылатын энергия көздерінен алуға, ал 2050 жылға қарай толығымен жаңартылатын энергияға көшуге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Әрине, мұндай саясат СО2 шығарындыларын азайтуға, сондай-ақ климаттың өзгеру проблемасын шешуде барынша нәтиже алуға мүмкіндік береді.


https://phys.org/news/2017-05-dutch-world-largest-offshore-farm.html