#unemde
Энергия аудиторлары мен энергия менеджерлерінің II Халықаралық форумы
Бүгін, 31 наурызда Астана қаласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, "Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ-ның (бұдан әрі-Институт) ресми қолдауымен "Қазақстандық энергия аудиторлары Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен энергоаудиторлар мен энергия менеджерлерінің II Халықаралық форумы өтті.
Форумды өткізудің негізгі мақсаты тәжірибе алмасу, проблемаларды талқылау және энергия аудитін өткізу мәселелері бойынша оларды шешу мүмкіндіктерін қарау, энергия менеджменті жүйесін енгізу, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Болгарияның және Қазақстан Республикасының жетекші сарапшы-энергия аудиторларымен және энергия менеджерлерімен энергия сервистік шарттар тетігінің жұмыс істеуі болып табылады.
II Халықаралық форум аясында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
Форум барысында Институттың энергия үнемдеу және энеготиімділікті арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлі, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің жүргізілген энергия аудиттеріне шолу және талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы энергия сервистік нарықты дамыту мәселелері түсіндірілді. Институт атынан Басқарма төрағасы Б. А. Смағұлов, Басқарма төрағасының орынбасары С. А. Турчекенов және жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының директоры А. А. Қабыкенов сөз сөйледі.
Аталған форум энергия аудиторлық компаниялар, энергия сервистік компаниялар, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мүдделі тұлғалар үшін іскерлік және кәсіби диалог алаңы болды.
Талқылау деңгейіне халықаралық сарапшылардың қатысуы ерекше мән берді. Шет елдерден келген әріптестер көтерген мәселелердің кең спектрі Қазақстан Республикасында бар түрлі мәселелер үшін нақты шешімдер құруға мүмкіндік береді.
Форумның қорытындысы бойынша Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша барлық қатысушылардың нақты ұсыныстары көрсетілетін қарар дайындау туралы шешім қабылданды.