#unemde

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

2017 жылғы 16 наурызда "Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ "Ақтөбе облысы бойынша энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ-мен бірлесіп Ақтөбе облысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, атап айтқанда Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуі, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша жұмыс, энергия үнемдеу саласындағы жобалар бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, энергия сервистік шарттар тетіктерін түсіндіру.

Кеңес Ақтөбе облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Қаржаубай Ыбырайымұлының төрағалығымен өтті, кеңесте институт атынан деректерді жинау және өңдеу орталығының менеджері А. М. Маратов және жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының бас менеджері Д. А. Жанарыс сөз сөйледі.