#unemde

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылдың 3 наурызында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ (бұдан әрі-Институт) Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары мен 2017 жылға арналған жоспарлары жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж. Қ. Бөкенбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте институт атынан деректерді жинау және өңдеу орталығының менеджері Ш. С. Бөкенбаев және жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының бас менеджері Д. М. Майдан сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша облыстық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің алдына мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Оңтүстік Қазақстан облысының 2020 жылға дейінгі энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру бойынша нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ, МЭТ өнеркәсіптік кәсіпорындары мен субъектілерінің басшыларын энергия ресурстарын үнемдеу бойынша жұмысты жандандыруға және энергия аудитін жүргізуге, талқыланатын мәселе бойынша қызмет саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң орындауға шақырды, институтпен одан әрі жемісті өзара іс-қимыл жасайтынына сенім білдірді.