#unemde

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылдың 2 наурызында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ (бұдан әрі-Институт) Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары мен 2017 жылға арналған жоспарлары жөнінде жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңесте Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы С.Х. Аманбеков, деректерді жинау және өңдеу орталығының директоры Е. Боқаев, жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының директоры А. А. Қабыкенов, "МЭТ ААЖ" бағдарламасының менеджері Е. Джумабанв және Маңғыстау облысы бойынша ИДӨҚК департаментінің басшысы С. Қ. Қазақбаев сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша облыстық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің алдына мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Маңғыстау облысының 2020 жылға дейінгі энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру бойынша нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ, МЭТ өнеркәсіптік кәсіпорындары мен субъектілерінің басшыларын энергия ресурстарын үнемдеу бойынша жұмысты жандандыруға және энергия аудитін жүргізуге, талқыланатын мәселе бойынша қызмет саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң орындауға шақырды, институтпен одан әрі жемісті өзара іс-қимыл жасайтынына сенім білдірді.