#unemde

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар жөніндегі жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ (бұдан әрі-Институт) Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, 2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мемлекеттік саясатын іске асыру қорытындылары және 2017 жылға арналған жоспарлар бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңеске Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамедов Г. Т., деректерді жинау және өңдеу орталығының директоры Е. Боқаев, жобаларды сараптау, басқару және мониторинг орталығының бас менеджері А. Сафиуллина, "ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ басшысының м.а. Бапы Д. Н. және ЕҚДБ шағын және орта бизнес тобының жоба бойынша маманы А. Малиновская қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес Қостанай облысы Қазақстанның басқа өңірлері арасында 25 баллмен рейтингте 5-орында тұр.

Кеңес қорытындысы бойынша Г. Т. Нұрмұхамедов Мемлекет Басшысының тапсырмаларын, Қостанай облысының 2020 жылға дейінгі энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділігін арттыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша облыстық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойды, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен МЭТ субъектілерін энергия ресурстарын үнемдеу жөніндегі жұмысты жандандыруға және энергия аудитін жүргізуге, талқыланатын мәселе бойынша қызмет саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілер талаптарын қатаң орындауға шақырды, институтпен өзара іс-қимылдың одан әрі жемісті болатынына сенім білдірді.