#unemde

«Кавасаки Хэви Индастриз Лтд» өкілдерімен жұмыс кездесуі

img_5048


img_5055


«Кавасаки Хэви Индастриз Лтд» өкілдерімен жұмыс кездесуі

23 Қаңтар 2017 ж.

2017 жылғы 23 қаңтарда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің базасында индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)" АҚ және "Кавасаки Хэви Индастриз Лтд"өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасында энергия сервистік қызметтер нарығын дамыту саласындағы өзара іс-қимыл мен стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігіне байланысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша стратегиялық инвестор ретінде "Кавасаки Хэви Индастриз Лтд"-ны Қазақстан аумағына тарту мақсатында "Астана ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы" Жапон энергетикасы күндерінде меморандум жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Одан әрі ынтымақтастық шеңберінде тараптар пилоттық жобаға инвестициялау мүмкіндігі туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

"Кавасаки Хэви Индастриз Лтд" - шағын және орта қуатты газды турбогенераторлар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы екенін атап өту маңызды. Бүгінгі таңда компания 10 мыңнан астам турбинаны іске асырды. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын талаптарын қанағаттандыру мақсатында компания газ турбиналары мен газ қозғалтқыштарын өндіру мақсатында энергетикалық және экологиялық секторларды бөлді, сондай-ақ ең заманауи гидравликалық жабдықты енгізген өнеркәсіптік жабдықтар саласын дамытты. "Кавасаки Хэви Индастриз Лтд" сақтау және тұрақты даму арқылы адамдар мен қоршаған орта арасындағы тепе-теңдікті құрудың жолдарын табады.

Осы әріптестікті одан әрі дамыту алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді едәуір дәрежеде жақсартады және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.