#unemde
"Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасын іске асыру
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартуға ниетті.
Бұл бастаманы іске асыру құрылыс кезеңінде 13 000 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, 24 млрд.теңге сомасына жергілікті қамту тауарларын сатып алуға мүмкіндік береді, тиісінше бұл отандық өндірісті дамытуды қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, 3 млрд.теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жылдық үнемдеуді және 4,5 млрд. теңге көлемінде бюджетке салық түсімін алу көзделуде.
Дүниежүзілік банк тарапынан қаржыландыру шарттары жобаны дайындау және негіздеу сатысында талқыланатын болады. Ауқымды жобаны іске асыруға отандық өндірушілер мен энергия үнемдейтін материалдарды, жабдықтар мен технологияларды жеткізушілер мен жеткізушілер тізіліміне қатысушылар қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, институт 2015 жылдан бастап Дүниежүзілік банкпен бірлесіп "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасын іске асыруда, ол бойынша гранттық қаражат мөлшері 21,7 млн $құрайды. Осы жобаны іске асыру шеңберінде әлеуметтік саланың 96 нысанын жаңғырту бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Іске асырылған нысандардағы энергия мониторингінің нәтижелері бойынша бір объектіде энергия ресурстарын жылдық үнемдеу мөлшері жылу энергиясы бойынша 30% - ды және электр энергиясы бойынша 15% - ды құрайды.
Мысалы, Қарағанды қаласының мектебінде бюджет қаражатын үнемдеу - жылына 1 млн.теңгеге (19%) қол жеткізілді. Әлеуметтік саланың барлық 96 нысаны жаңғыртылғаннан кейін жоспарланған үнемдеу энергия ресурстарының шамамен 40% - ын құрайды.