#unemde
Энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне Жеңіс Қасымбек жетекшілік етеді
ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында хабарланғандай, 4 наурызда Қазақстан Республика Премьер-Министрі қызметіне кіріскен Асқар Мамин «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» өкімге қол қойды.
Қол қойылған өкімге сәйкес экономиканы және өңірлік саясатты жедел басқару, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты салу және жаңғырту, энергия үнемдеуді дамыту және жаңартылатын энергия көздерінің энергия тиімділігін арттыру, көмір өнеркәсібі, атом өнеркәсібі және ядролық энергетика мәселелерін енді Премьер-Министрдің орынбасары Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы үйлестіреді.
Оның міндеттеріне өнеркәсіпті дамыту, инновациялар, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай-химия және экспорттық бақылау, алтын өндіру саласы, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарлары, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды, агроөнеркәсіптік кешенді пайдалану, жер қатынастары, су ресурстары, орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі, Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы, жылыту маусымдарын дайындау және өткізу, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды үйлестіру, дамыту және т.б.
Дереккөз: EEergy.Media