#unemde

Сауда-саттыққа қатысуға шақыру Грант№: ТФ 014185

Ел: Қазақстан Республикасы

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы

Грант№: ТФ 014185

Келісімшарттың атауы: «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту (Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – 2 кіші жоба)»

Келісімшарттың сәйкестендіру нөмірі: (Сатып алу жоспарына сәйкес): № KZEEP/CW/NCB – 13

 

  1. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен энергия тиімділігін арттыру және жастар бірлестіктерін дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Траст қоры) үшін бір донордың Траст қорының әкімшісі ретінде «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша шығыстарды жабуға қаржыландыру алды, оның іске асырушы агенттігі «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ болып табылады және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту (Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары-2 кіші жоба)» № KZEEP/CW/NCB - 13 келісімшарт бойынша төлемдерге қаражаттың бір бөлігін пайдалануға ниет етуде. Конкурстық сауда-саттық процесі Дүниежүзілік Банктің ережелері мен рәсімдері бойынша жүргізілетін болады.
  2. Жобаның атқарушы агенттігі болып табылатын «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту жөніндегі ұлттық конкурстық сауда-саттыққа өкілетті заңды қатысушылардан мөрленген конкурстық ұсыныстарды беруге шақырады (Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – 2 кіші жоба), оның ішінде:

 

Лот №1: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Строитель шағын ауданы, 20/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Березка» № 4 мектепке дейінгі ұйымы МКҚК ғимаратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту;

 

Лот №2: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Алматы к-сі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан «Дарын» мектеп-лицейі» КММ объектісін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту.

 

Конкурстық ұсыныс әрбір лот бойынша жеке бағаланады және келісім-шарт ең төмен жиынтық бағалау бағасын ұсынған фирмаға берілетін болады.

 

  1. Конкурстық сауда-саттық Дүниежүзілік Банктің басшылығына сәйкес Ұлттық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдері бойынша жүргізіледі: Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының ХҚДБ қарыздары және 2011 жылғы қаңтарда шығарылған ХДҚ кредиттері мен гранттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі нұсқамада («Сатып алу жөніндегі Нұсқама») айқындалғандай сауда-саттыққа барлық құқылы қатысушылар үшін ашық болады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалған 1.6 және 1.7-параграфтарға жүгінуіңізді сұраймыз.

 

  1. Сауда-саттыққа өкілетті қатысушылар келесі ақпаратты 9.00-ден 18.00-ге дейін ала алады және төменде көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша өтінім берген кезде орыс тілінде сауда-саттыққа арналған құжаттаманың толық жиынтығын тегін ала алады:

 

010000, Астана қ.,

Шарль де Голль көшесі 3А,

7 қабат, 706 кеңсе

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру тобы»

Сатып алу жөніндегі маман

Әлібек Райпов

тел: (7172) 72-93-78; 72-93-81

E-mail: project.kaz2017@gmail.com, keep@kazee.kz, 1050@kazee.kz

Website: http://kazee.kz

Өтініш беру кезінде барлық электрондық пошта мекенжайлары үшін қайталану қажет. Құжаттар электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Конкурстық ұсыныстар ашылғаннан кейін 90 күн ішінде күшіне ие болады және конкурстық ұсыныстың банктік кепілдігімен қоса берілуі тиіс (қоса берілген нысанға сәйкес).

Конкурстық ұсыныстың банк кепілдігінің сомасы:

Лот №1 – 1 000 000 (бір миллион) теңге;

Лот №2 – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге.

6. Конкурстық ұсыныстарды төменде көрсетілген мекенжайға жеткізу қажет:

 

010000, Астана қ., Шарль де Голль к-сі, 3А үй, 6 қабат,

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ.

Бастенов Арман Сейсенбекұлы,

Әкімшілік және құқықтық жұмыс департаментінің директоры

Тел: +7(7172) 91-65-96

2019 жылғы 01 наурыз сағат 17: 00-ге де

7. Конкурстық ұсыныстар сауда-саттыққа қатысушылардың тағайындалған өкілдерінің және осы іс-шараға қатысқысы келетіндердің барлығының қатысуымен жария түрде ашылады. Электрондық сауда-саттыққа рұқсат етілмейді. Кешіккен конкурстық ұсыныстар қабылданбайды.