#unemde

№ KZEEP/CW/NCB - 11 тендеріне қатысуға шақыру

Ел: Қазақстан Республикасы

 

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы

 

Грант№: ТФ 014185

 

Келісімшарттың атауы: «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды жаңғырту (Шығыс Қазақстан облысы (3 кіші жоба)»

 

Келісімшарттың сәйкестендіру нөмірі: (сатып алу жоспарына сәйкес): № KZEEP/CW/NCB – 11

  1. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Банктен энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші (бұдан әрі – Траст қоры) «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша шығыстарды жабуға қаржыландыру алды, оның іске асырушы агенттігі «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ болып табылады және № KZEEP/CW/NCB - 11  келісімшарт «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды жаңғырту (Шығыс Қазақстан облысы (3 кіші жоба)» бойынша төлемдерге қаражаттың бір бөлігін пайдалануға ниетті. Конкурстық сауда-саттық процесі Дүниежүзілік Банктің ережелері мен рәсімдері бойынша жүргізілетін болады.

 

  1. Жобаның атқарушы агенттігі болып табылатын «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды жаңғырту (Шығыс Қазақстан облысы (3 кіші жоба) Ұлттық конкурстық сауда-саттыққа заңды құқығы бар қатысушылардан мөрленген конкурстық ұсыныстарды беруге шақырады, оның ішінде:

 

 

Лот №1: Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, Бурнашов бульвары, №1 мекен-жайы бойынша орналасқан «Зырян қаласының № 1 бастауыш мектебі» КММ ғимаратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту;

 

Лот №2: Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, Жақсыбаев көшесі, №1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Зырян қаласының №8 орта мектебі» КММ ғимаратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту;

 

Лот №3: ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Октябрьский кенті, Киров көшесі, 4/1 мекен–жайы бойынша «Зырян ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Октябрь орта мектебі» КММ ғимаратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жаңғырту.

 

Конкурстық ұсыныс әрбір лот бойынша жеке бағаланатын болады және келісім-шарт ең төмен жиынтық бағалау бағасын ұсынған фирмаға берілетін болады.

 

  1. Конкурстық сауда-саттық Дүниежүзілік Банктің басшылығына сәйкес Ұлттық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдері бойынша жүргізіледі: Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң (бұдан әрi – ХҚДБ) қарыздары және 2011 жылғы қаңтарда шығарылған Халықаралық Даму Қауымдастығының (бұдан әрi – ХДҚ) кредиттер мен гранттар бойынша тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес қызметтерді сатып алу жөніндегі Нұсқама («сатып алу жөніндегі нұсқама») және "сатып алу жөніндегі нұсқамада"айқындалғандай, сауда-саттыққа барлық құқылы қатысушылар үшін ашық болады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысына қатысты саясаты баяндалған 1.6 және 1.7-параграфтарға жүгінуіңізді сұраймыз.

 

  1. Мүдделі құқылы сауда-саттыққа қатысушылар келесі ақпаратты 9.00-ден 18.00-ге дейін ала алады және төменде көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша өтінім берген кезде орыс тілінде сауда-саттыққа арналған құжаттаманың толық жиынтығын тегін ала алады:

 

010000, Астана қ.,

 

Шарль де Голль көшесі 3А,

 

7 қабат, 702 кеңсе

 

«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасын іске асыру тобы

 

Сатып алу жөніндегі маман

 

Райпов Әлібек

 

тел: (7172) 72-93-78; 72-93-81

 

E-mail: project.kaz2017@gmail.com, keep@kazee.kz, 1050@kazee.kz

 

Website: http://kazee.kz

Өтініш беру кезінде барлық электрондық мекенжайлар поштаға жіберілуі қажет. Құжаттар электрондық пошта арқылы жіберіледі.

5. Конкурстық ұсыныстар ашылғаннан кейін 90 күн ішінде күшінде қалады және конкурстық ұсыныстың банктік кепілдігімен қоса берілуі тиіс (қоса берілген нысанға сәйкес).

Конкурстық ұсыныстың банк кепілдігінің сомасы:

Лот №1-600 000 (алты жүз мың) теңге;

Лот №2-900 000 (тоғыз жүз мың) теңге;

Лот №3-750 000 (жеті жүз елу мың) теңге.

6.Конкурстық ұсыныстарды төменде көрсетілген мекенжайға жеткізу қажет:

 

010000, Астана қ., Шарль де Голль к-сі, 3А үй, 6 қабат,

 

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ

Ғабдуллина Камила Серікқызы,

Әкімшілік және құқықтық жұмыс департаментінің бас менеджер-заңгері

Тел: +7(7172) 91-65-96

2018 жылғы 20 желтоқсан сағат 15: 00-ге дейін.

7.Конкурстық ұсыныстар сауда-саттыққа қатысушылардың тағайындалған өкілдерінің және осы іс-шараға қатысқысы келетіндердің барлығының қатысуымен жария түрде ашылады. Электрондық сауда-саттыққа рұқсат етілмейді. Кешіккен конкурстық ұсыныстар қабылданбайды.