#unemde

«Энергетиктер инженерлерінің Халықаралық қауымдастығының орталық бөлімшесі» ҚБ 2018 жылғы 19-22 желтоқсанда Астана қаласында өтетін «Сертификатталған энергия аудиторлары» (СЕА) бағдарламасы бойынша тренингке қатысуға шақырады.

Құрметті әріптестер!

 

 

The Association of Energy Engineers атынан «Энергетиктер инженерлерінің Халықаралық қауымдастығының орталық бөлімшесі» ҚБ энергетика және энергия үнемдеу саласындағы қазақстандық мамандар үшін халықаралық сертификаттау мен аккредиттеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асырады.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ-мен (ҚЭДЭ) және Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) бірлесіп, 2018 жылы Энергия аудиті және энергия менеджменті саласында қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру және сертификаттау бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған (біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарының кестесі 1-қосымшада, «ЭИХҚОБ» ҚБ буклеті ұсынылған).

«ЭИХҚОБ» ҚБ сізді және сіздің әріптестеріңізді 2018 жылдың 19-22 желтоқсанында Астана қаласында өтетін «Сертификатталған энергия аудитор» (CEA) бағдарламасы бойынша тренингке қатысуға шақырады.

«ЭИХҚОБ» ҚБ АЕЕ Сертификатталған оқыту бағдарламаларын жүргізуге лицензиясы бар Қазақстан Республикасындағы Энергетиктер инженерлері қауымдастығының (АЕЕ, АҚШ) ресми аккредиттелген өкілі болып табылады.

«Сертификатталған энергия аудитор» (СЕА) бағдарламасы ISO/IEC 17024 халықаралық стандарты негізінде Американдық ұлттық стандарттар институтымен (ANSI) аккредиттелген, ол саладағы қызметкерлерді сертификаттау мен аккредиттеудің ең жоғарғы стандарты ретінде танылған, сондай-ақ әлемнің 90-нан астам елінде мойындалған.

Бұл мамандандырылған төрт күндік семинар сіздің назарыңызға озық технологиялар мен энергия шығындарын азайту стратегиялары саласындағы білімдерін кеңейтуді қалайтындар үшін кәсіби міндеттерді терең және жан-жақты оқытуды және талқылауды ұсынады. Оқыту бағдарламасын СЕА бағдарламасы бойынша сертификатталған нұсқаушылар жүргізеді және 4 күндік оқудан және «Сертификатталған энергия аудиторлары» (СЕА) атағын алу үшін қорытынды емтиханнан тұрады.

СЕА бағдарламасы энергия аудитін жүргізу бойынша мынадай бөлімдерді қамтиды: электр жүйелері; электр қозғалтқыштары мен электр жетектері; өнеркәсіптік жүйелер; жылу мен электр энергиясын генерациялау жүйелері; қоршау құрылмалары; ғимараттарды автоматтандыру жүйелері; жылу жинақтайтын жүйелер; жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету; қазандықтар мен бу генераторлық қондырғылар; басқару жүйесі; жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері; басқару жүйелері; пайдалануға беру, өлшеу және верификациялау; техникалық қызмет көрсету.

САЕ бағдарламасы бойынша оқытуды «Сертификатталған энергия аудитор» (СЕА) біліктілігін растау бойынша мамандандырылған, емтихан өткізуге құқығы бар, сертификатталған АЕЕ халықаралық лекторлар жүзеге асырады.

САЕ бағдарламасы бойынша оқыту Астана қаласында, Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) жанындағы Astana Business Campus технопаркінің заманауи аудиторияларында жүзеге асырылады. Оқыту шеңберінде ЖЭК озық қондырғылары мен NURIS технопаркінің энергия тиімді ғимараттарының тұсаукесерімен Astana Business Campus NURIS технопаркінің аумағы бойынша экскурсия қарастырылған.

Тренингке қатысуға сұраныстың жоғары болуына байланысты тыңдаушылар үшін орындар саны шектеулі.

"Сертификатталған энергия аудитор" (СЕА) бағдарламасы бойынша оқыту құны «ЭИХҚОБ» АҚ буклетінде ұсынылған (1-қосымша). Қатысушылар жол жүру, тұру және тамақтану ақысын өздері төлейді.

Біліктілік қауымдастығының мақұлдауы үшін әлеуетті қатысушылар АЕЕ сауалнамасын (2-қосымша) толтырып, «ЭИХҚОБ» ҚБ жіберуі қажет. "Сертификатталған энергия аудитор" (СЕА) бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған кезде тыңдаушы аккредиттелген өкілдіктің («ЭИХҚОБ» ҚБ) сертификатын алады. Қорытынды емтиханды сәтті тапсырған жағдайда, қатысушылар AEE (әлемнің 90 елі) бөлімшелері бар барлық елдерде танылатын халықаралық үлгідегі АЕЕ  сертификатын алады.

Тренингке қатысуға рұқсат алу үшін ізденуші қоса берілген өтінім нысанын толтырып, оны электрондық мекен-жайға жіберуі қажет monitor2010@mail.ru, PDF немесе MS Word форматында, 2018 жылдың 12 желтоқсанынан кешіктірмей. CEА бағдарламасы және сәйкестік критерийлері туралы сұрақтармен email  monitor2010@mail.ru хабарласуды сұраймыз, сондай-ақ телефон нөмірі бойынша 8 775 59 29 679.

CEA курсы 19-22 желтоқсан, 2018 ж

AEE CEA 2-қосымша, Қатысушылардың сауалнамасы

AEE CEA 1-қосымша, Буклет