#unemde

Шахтинск қаласында энергия менеджмент жүйесін енгізу бойынша пилоттық кіші жобаны іске асыру мәселелері бойынша жұмыс тобының кездесуі өтті

9 қарашада Шахтинск қаласында Жұмыс тобының электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының, неміс энергетикалық агенттігінің (dena) өкілдерінің, сондай-ақ Шахтинск қаласы әкімдігі басшыларының қатысуымен "ҚР муниципалитеттерінің энергия тиімділігі"бірлескен жобасы шеңберінде қала муниципалитетінде энергия менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық кіші жобаны іске асыру мәселелері бойынша кездесуі өтті.

 

Шахтинск қаласының әкімі С.Ж. Аймақовтың және жұмыс тобының төрағалығымен «Қазақстан Республикасы мекемелерінде энергетикалық және экологиялық менеджментті енгізу» бірлескен жобасының кезеңдерін орындау барысы туралы мәселелер қаралды және талқыланды.

 

ҚЭДЭИ Басқарма төрағасы Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы өз баяндамасында ағымдағы жағдай және бюджеттік сектордағы энергия үнемдеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жоспарлар туралы айтты.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, энергия үнемдеу саясатын тиімді іске асыру үшін бірінші кезекте облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымына энергия менеджменті жүйесін енгізу қажет, ол нысаналы көрсеткіштерді анықтауға және нормативтерді есептеудің дұрыс әдістемесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Дәл осы мақсатта біздің стратегиялық серіктесіміз dena-мен аталған жоба әзірленді және Шахтинск қаласы пилоттық болып таңдалды. Сіздің қалаңыз үшін, салалық министрлік үшін бұл жоба өте маңызды, оның нәтижелері бойынша Сіздің тәжірибеңіз басқа қалаларда қолданылады.»

2017 жылы Дүниежүзілік банк «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» бағыты бойынша әлемнің 114 еліне бағалау жүргізді. Бағалау 12 индикатор бойынша жүргізілді, онда біздің елімізде «Мемлекеттік сектордың міндеттемелері мен ынталандырулары» индикаторы бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі бар. Бюджеттік секторда энергия үнемдеу әлеуеті айтарлықтай жоғары болып табылады және 40% - ға жетеді.

 

 

 

Кездесу барысында энергия үнемдеу бойынша уәждеменің болмауы, энергия үнемдеу туралы әлсіз хабардар болуы, энергия ресурстарының жұмсалуына басшылық тарапынан әлсіз бақылауы (коммуналдық қы зметтер үшін ақы төлеу республикалық немесе жергілікті бюджеттен жүргізіледі) сияқты көптеген факторларға байланысты өзекті мәселелер көтерілді, мүлік басшылықтың меншігі болып табылмайды.

Уәкілетті органның құзыретіне энергияны тұтыну стандарттарын әзірлеу мен бекіту кіретіндіктен, стандарттарды есептеу әдістемесіз әзірленбейді, Институт бюджеттік ұйымдар үшін әдістемені әзірлеу және бекіту бөлігінде өз құзыретін толықтыруды ұсынды. Бұл жылумен жабдықтау түріне (орталық немесе автономды), жылумен жабдықтауға пайдаланылатын жабдыққа, тұтынылатын энергия ресурстарының түріне, салынған жылы мен ғимараттың типіне, ауданына, қабаттар санына, географиялық орнына, соңғы негізгі күрделі жөндеуіне және т.б. қарайды.

Өз кезегінде Германия энергетикалық агенттігі (dena)) энергия менеджмент жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Жұмыс тобы отырысының нәтижесі қорытындылау, келесі кезеңге арналған шешімдер мен жоспарлар әзірлеу болды, мысалы:

¾   жұмыс тобы отырысын дена өкілдерінің қатысуынсыз Шахтинск қаласы әкімдігінің жүйелі жұмысына интеграциялау;

¾   Институт тарапынан ақпараттық және техникалық қолдау;

¾   Пилоттық жаңғырту үшін нақты объектіні (Шахтинск қаласындағы орта мектеп ғимараты) анықтау және гранттық қаражатты іздеу;

¾   отырысқа қатысушылардың ұсыныстарын зерттеу