#unemde

Қазақстан Премьер-министрі энергия үнемдеу жобалары бойынша инвесторлармен жұмысты жандандыруды тапсырды

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің энергия сыйымдылығын төмендету қажеттігін атап өтті.

Бүгiнгi күнi жалпы өнеркәсіп салаларының энергия сыйымдылығын   төмендету туралы жалпы деректер ғана бар. Бұл механизм әр өнімді өндіру кезінде энергияны тұтыну азайды ма, әлде өндіріс жай төмендеп, соның нәтижесінде энергияны тұтынудың төмендеуін қадағалауды қиындатады.

Осыған байланысты, Премьер-Министр Инвестициялар және даму министрлігіне өнімнің әрбір бірлігіне (тонна болат, алюминий, көмір және т.б.) энергия тұтынуды төмендету алгоритмдерін әзірлеуді тапсырды.

Бұдан басқа, мемлекеттік энергетикалық тізілімде 5198 субъектінің тек 710 — ы ғана заңды тұлғалар, қалғандары квази мемлекеттік сектор, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында орналасқан компаниялар энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмысты қолға алуы тиіс.

Б.Сағынтаев өңірлердің әкімдеріне инвесторлармен және энергияны көп қажет ететін кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеуді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру және энергия үнемдеуді насихаттау бойынша жұмыс істеуді тапсырды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ақпараты бойынша, өңірлерде 9,7 млрд теңгеден астам сомаға энергия үнемдеу саласында 4 МЖӘ жобасы іске асырылуда (Павлодар, Атырау және Қызылорда облыстары), 4 МЖӘ жобасы қол қою сатысында, 10 МЖӘ жобасы бойынша құжаттама әзірлеу және әріптестер іздеу жұмыстары жүргізілуде. Басқа облыстарда энергия үнемдеу саласында МЖӘ жобалары жоқ.

Дереккөз: primeminister.kz