#unemde

ӘКІМДІКТЕРДЕ ЭНЕРГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ПИЛОТТЫҚ ЕНГІЗУ

30 шілде күні «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы - Баитов Қанат Құрмашұлы стратегиялық серіктес - Германия энергетикалық агенттігі dena өкілдерімен кездесті.

Кездесу шеңберінде «Қазақстанда энергия тиімділік бастамасы» ақпараттық кампаниясын жүзеге асырылуы, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі бағыттары талқыланды.

Dena қалалар мен аудандарда энергия менеджментін бейімдеуге бағытталған «Қазақстандағы энергия тиімді муниципалитеттер» кіші жобасын іске асырудың барысы туралы хабарлады. Кіші жоба бойынша пилоттық қала болып Шахтинск қ. (Қарағанды облысы) айқындалды.

Бүгінгі күні Шахтинск қаласының әкімдігінде жобалық топ құрылды, бюджеттік ұйымдардың энергия тұтынуы туралы мәліметтер жиналды, қала ғимараттарындағы энергия (жылу, электр) тұтынудың стандартты көрсеткіштерінен ауытқулар туралы ақпарат дайындалды, қаржылық есептеулерін көресте отырып энергия үнемдеу шаралары бойынша ұсыныстар жасалды.

Қанат Құрмашұлы Шахтинск қаласының тәжірибесі мен Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарындағы, атап айтқанда моноқалаларда, энергияны басқару жүйесін масштабтауға бағытталған шараны жүзеге асыруда ынтымақтастықты жалғастыру ниеті мен маңыздылығын атап өтті.

Серіктестің ақпараты бойынша, Германияның Федералды экономика және энергетика министрлігі Dena Қазақстанның басқа пилоттық қаласында энергия менеджмент жүйесін енгізуде қолдады.

http://comprom.miid.gov.kz/kk/news/kimdikterde-energiya-menedzhmenti-zhuyesin-pilottyk-engizu