#unemde

Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясы (ТК 26-шы сессиясы)

Климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясы (ТК 26-шы сессиясы)
2021 жылғы 31 қазан мен 12 қараша аралығында Глазго қаласындағы Шотландия Көрме орталығында COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы өз жұмысын бастады.
Іс-шараның мақсаты – елдердің климаттық амбицияларын арттыру, жаһандық экономиканың тұрақтылығы және өнеркәсіптік шығарындыларды азайту, көміртегі бейтараптылығын қамтамасыз етуге үлес қосу мәселелерін талқылау.
2021 жылғы 4 қарашада Конференция аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Энергетика министрлігі және БҰҰДаму бағдарламасының «ЖЭК ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ: көміртегі бейтараптылығын қамтамасыз етуге үлес қосу» атты бірлескен іс-шара өтеді.
Осы сессияға «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Әміржанұлы Смағұлов қатысады.
Сіздерді конференцияға қатысуға шақырамыз және барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен нәтижелі әрекеттестік тілейміз.